• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:45:51
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі күзгі демалыста оқушылардың қанша күн демалатынын мәлімдеді.

"Күзгі қаникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың дербес шешімі бойынша кезекші сыныптардың ұйымдастырылатынын айтқан.

Сондай-ақ, ол қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты атап өтті:

  • Арнайы интернет-платформалар арқылы оқыту. Платформалардың ыңғайына байланысты мектептер, қалалық, аудандық мектептер білім бөлімдері шешім қабылдады.
  • "Ел Арна" және "Балапан" телеарналары арқылы берілетін телесабақтар, қазір 9 сағатқа дейін эфир беріліп отыр

Оның айтуынша, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Балалар бір кабинетте оқытылады. Сыныптарда дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.

Биылғы оқу жылында Қазақстан бойынша 104 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 33-і кезекші сыныпта оқитындар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір