• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:15:25
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу қаласында мас бұзақылар полицейді ұрып кетті, деп хабарлады "Хабар 24" сайты.

Сайт мәліметінше, полицей кешке жұмысынан қайтып келе жатқан. Қонаев көшесі бойында үш жігіт оған жол бермеген. Оның үстіне күш көрсетіп, қызметтік көлігін алып кеткен.

Үшеуі де ұсталды. Олар – Шу қаласының тұрғындары, жастары 30-да.

– Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты 380-баптың ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану" ) 3-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санкция бойынша 7-ден 12-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деді Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: полицей Шу Жамбыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір