• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:08:39
Алматы
+35°

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, праймериз қорытындысын талқылады, деп хабарлады elbasy.kz сайты.

"Партия төрағасының бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, партиялықтардың 84,2 пайызы дауыс беруге қатысты. Оның 88 пайызы онлайн форматта қатысқан. Тіркелген 10 073 үміткердің 36 пайызы әйел, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Партияішілік іріктеу қорытындысы бойынша 20 мыңнан астам ұсыныс, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және ТКШ, инфрақұрылым және көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша жиналды" делінген хабарламада.

Сайт мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев праймериз нақты әлеуметтік лифтке айналғанын, бұл партиялық қатарларды жаңартуға, сонымен қатар қажетті сабақтастықты сақтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Бұл партияның ауқымды іс-шарасы болды, оған көптеген адамдар қатысты. Біз оны алғаш рет өткіздік. Партияның назарын талап ететін көптеген тілектер мен сұрақтар айтылды. "Nur Otan" – нақты істер партиясы. Біз қабылдағанның бәрі міндетті түрде орындалуы тиіс, – деді Назарбаев..

Сонымен қатар, тұңғыш президент партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына жеке тоқталды.

– Саяси кеңес бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Бағдарламада күрделі жағдайды ескере отырып, біздің мақсаттарымыз бен ауқымды міндеттеріміз қойылған. Партияның барлық мүшелері осыған бағдарланады. Сайып келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Біздің барлық сайлауалды уәделеріміз есептелуі тиіс, – деді партия төрағасы.

Кездесу барысында Елбасы партияға "Birgemiz" қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік осал топқа жататын отбасыға 50 мың теңгеден қосымша атаулы төлем ұйымдастыруды пысықтауды тапсырды.

– Партияның орталық аппараты мен активіміз үлкен жұмыс атқарды. Мен олардың қажырлы еңбегі үшін бәріне ризамын. Алда әлі нақты істер көп. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды, – деп аяқтады сөзін елбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір