• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:32:02
Алматы
+35°

ШҚО-да басшылықтан қысым көріп жатқаны туралы видеоүндеу жариялаған полицей атышулы видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол megapolis.kz Instagram парақшасында айтты.

– Мен еш өкінбеймін. Мен заң шеңберінде әрекет еттім. Айтатынымның барлығын айттым, алып-қосарым жоқ, – деді Еркебұлан Мейрембаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта істі тексеріп жатыр. Нәтиже әлі белгісіз.

– Маған қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Бәрі жақсы, мен жұмыстамын. Соңғы күндері көбі маған қоңырау шалып жатыр, біреуі қолдаса, біреуі сөгіп жатыр. Телефонды қуаттап үлгермей жатырмын. Бірақ басшылықтан менімен ешкім байланысқа шықпады, ешкім қысым көрсеткен жоқ, – деді Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы.

Еске сала кетейік, бұған дейін полицей әлеуметтік желіде видеоүндеу жолдап, басшысы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынған адамды заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полицейінің бейнеөтінішін жеке бақылауына алды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір