• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:18:44
Алматы
+35°

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев соңғы уақытта балаларға жасалып жатқан қылмыс түрлерінің артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Министр Алматы облысы Үштөбе қаласында екі жастағы баласын мұздатқышқа салып қойған ананың әрекеті туралы айтты.

"Менің тәжірибемде, жұмыс барысында, өкінішке орай, жантүршігерлік жағдайлар мен қылмыстар аз болған жоқ. Бірақ, қатігез ананың мұндай қандықол қылмысқа баруы –  көп сұрақты жауапсыз қалдыруда. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады. Бірақ, маңыздысы ол емес. Маңыздысы – баланың жазығы қандай? Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстар неге жасалады? Бүгінгі таңда шарасыз шарананы қоқысқа тастайтын, балаларды далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын фактілер жиілеп кетті. Бұған назар аудармасақ болмайды! Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру – әр азаматтың мойнындағы парыз!" делінген министрдің facebook-тегі жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: іім тұрғымбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір