• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:31:31
Алматы
+35°

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаров елдегі кейбір депутаттардың Алматыға қашып кеткенін айтты. Бұл туралы 24kg сайты хабарлады.

Оның айтуынша, 6 қазанға қараған түні болған оқиға революцияға жатпайды.

– Төңкеріс деп президент пен басқа да заңды тұлғалар қашқан кезде билікті басып алуды айтады. Бізде биліктің ауысуы халықтың толқуы арқылы болғанымен, заңды түрде болды. Тек парламент депутаттары ғана қашып кетті, – деді ол Жогорку Кенештің (парламент) кезектен тыс отырысында.

Депутаттар бұл мәлімдемеге наразы болған. Өзіне айтылған ескертулерден кейін Жапаров "олай айтқым келмеді" деді.

– Кешіріңіздер, мен кейбір халық депутаттарының Алматыға қашып кеткенін естідім. Кейбіреулер олардың сол жерде екенін айтады, – деп айтты ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Депутат Қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір