• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:47:17
Алматы
+35°

Қырғызстандағы митингтердің бірінде "Ата Мекен" партиясының мүшесі Тілек Токтагазиевтің басына тас тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Токтагазиевтің қазіргі жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ. Дәрігерлердің тарапынан тиісті көмек көрсетілген.

Эльвира Сурабалдиеваға да бөтелке тиген. Оның айтуынша, жағдайы жақсы. "Тілек қатты жараланды. Ол ес- түссіз жатыр" деді Эльвира Сурабалдиева.

Әлеуметтік желіде үсті-басы қан ер адамның видеосы тараған. Ол Ала-Тоо алаңындағы тәртіпсіздіктер кезінде басына тас тиіп жарақат алған.

Жараланған адам бұрынғы премьер-министр Темір Сариевтің күзетшісі екені айтылды. Экс-премьердің айтуынша, оның бірнеше серіктестері де зардап шеккен.

Еске сала кетейік " Ала ТОО" алаңында экс-депутат Садыр Жапаровтың жақтаушылары мен экс-президент Алмазбек Атамбаевтың, бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабановтың жақтастары арасындағы қақтығыс болған.

Садыр Жапаровтың жақтастары Алмазбек Атамбаев пен Омурбек Бабановтың жақтастарымен қақтығыстан кейін Бішкектің ескі алаңына оралды.
Еске салайық, Президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығына сәйкес бүгіннен бастап Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Митинг Бішкек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір