• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:59:28
Алматы
+35°

Үй кепілде болса, зейнетақы қорының есебінен төлеп, кредитті жабуға болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.  

– Әрине, болады. Бұл жерде кез-келген үй ипотекаға, кредитке алынса ол кепілде тұрмай ма?! Кепілде сіздің меншігіңіздегі мүлігіңіз тұрады. Сондықтан толығымен сол үйге қатысты ипотеканы жабуға зейнетақы қорындағы жарналарды пайдалануға болады, – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Сондай-ақ ол коронавирус індетінің екінші толқынына байланысты елде қатаң карантин жарияланатын болса, үкімет жұмыссыз қалған қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсететінін атап айтты.

– Бұған дейін менің әріптесім – денсаулық сақтау министрі эпидемиологиялық жағдайға қатысты бірнеше сценарий ұсынғанын білесіздер. Бірақ қазір ол болжамдардың қайсысы болатынын білмейміз. Егер сол сценарийлердің біреуі орын алып жатса, әрине, үкімет тарапынан міндетті түрде экономиканы, бизнесті, халықты қолдау шаралары қабылданады, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір