• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:43:41
Алматы
+35°

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шараларына байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы Шымкент қаласы тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

"Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 26 қазан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген ресми сайт таратқан қаулыда.

Аталған қаулыда демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылып, тауар сататын базарлар мен жәрмеңкелер 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, бір адамға кем дегенде 4 шаршы метр аумақ жер болуы шарт, сыйымдылығының толу көрсеткіші 30 проценттен аспауы керек. Демалыс және мереке күндері жабық базарлар жұмысына тыйым салынды.

Жәрмеңкелердің жұмысы кезінде санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталады. Дезинфекциялық тоннельдер мен санитайзерлер орнатылатын болады. 

Сондай-ақ, қаулы да кинотеатрлардың (ашық алаңда орналасқан), цирк, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталықтардың, сауда үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір