• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:57:32
Алматы
+35°

Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси ахуалға байланысты кезекті рет үндеу жасады, деп хабарлады 24.kg сайты.

Жээнбеков Қырғызстандағы жағдай мүлдем нашарлағанын және оны қалыпқа келтіру үшін белгілі бір қадамдарға баруға дайын екенін атап өтті.

– Жаңа парламент сайлауын тағайындау қажет. Бұл туралы шешімді орталық сайлау комиссиясы қабылдайды. Бұл шаралар қазіргі саяси шиеленісті төмендетеді, – деді Сооронбай Жээнбеков.

Президенттің айтуынша, дағдарысқа дейін жұмыс істеген премьер-министр мен үкімет мүшелерін отставкаға жіберу, жаңа тағайындауларға заңды түрде мүмкіндік береді.

Министрлер кабинеті мен оның мүшелерінің тағайындауларын заңдастыру үшін Жогорку Кенештің қаулысы мен президенттің үкімі керек.

Қырғызстанның заңды президенті елдегі жағдай тұрақталған соң өз орнынан кетуге дайын екенін мәлімдеді.

– Атқарушы билік органдарының басқарушылары заңды түрде тағайындалып, мемлекет заң жолына түскен кезде, мен Қырғызстан Республикасы президенті қызметінен кетуге дайынмын, – деп қорытындылады Сооронбай Жээнбеков.

Біраз уақыт бұрын Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева "президенттің отставкасы туралы сөз болған жоқ" деген болатын.

Қырғызстандағы тәртіпсіздік 5 қазан күні парламент сайлауына қарсы болған мыңдаған адам жиналған митингтен басталған еді. 6 қазан күні ОСК сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануға мәжбүр болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір