• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:14:50
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауымен Алматы облысында Қазақстан қарулы күштері тарихындағы алғашқы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жоғарғы бас қолбасшы әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеген. Ол қазіргі заманғы қазақстандық армия ержүрек бабаларымыздан мұраға қалғанын, оны ұмытпау керегін айтты. 

Президенттің айтуынша, әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан бітімгершілік мияссияларын қақтығыс, жанжал аймақтарына үнемі жіберіп отырады.

– Ынтымақтастық пен серіктестік – біздің басты басымдығымыз. Сіздер халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қостыңыздар. Бітімгер болу –бейбітшілік елшісі болу. Сіздер бұл тапсырманы адал орындадыңыздар. Осындай жаттығулардың арқасында әскери шеберлікті арттырасыздар. Біздің армиямыздың жауынгерлік рухы мен даңқы тарта түсетініне сенімдімін, – деді Тоқаев

Ол елбасы құрған қарулы күштердің бітімгершілік қызметі іс жүзінде еліміздің бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына беріктігін көрсететінін атап айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір