• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:31:47
Алматы
+35°

Қырғызстанның ішкі істер министрі міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбеков пен әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білметінін айтты, деп хабарлады 24.kg.

 Шынымды айтсам, мен қазір басқа мәселелермен айналысып жатырмын. Бішкектегі жағдайды ретке келтірудеміз. Көріп отырғандарыңыздай, кешеден бері біз қаладағы жағдайды бақылауға алып, тәртіпсіздіктердің алдын алдық. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Жээнбековты және басқаларды іздестірумен өзге де құрылымдар айналысады деп ойлаймын. Біз оның қай жерде екенін білмейміз. Оны іздемейміз, қазір басқа да жұмыстар көп.  Ең бастысы елдегі тәртіпті қамтамасыз ету, – дейді ол.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева Жээнбековтің Бішкекте екенін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір