• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:59:33
Алматы
+35°

Алматы облысында екі жасар бүлдіршін өлі күйінде табылды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Сайттың мәліметінше, 5 қазан күні сағат 16:00 шамасында Қаратал аудандық полиция бөлімшесіне Үштөбе қаласындағы жеке үйден екі жасар баланың өлі денесі табылғаны хабарланған. Бұл жағдай қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелген.

"Полицияға баланың анасының туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бері жиенін көрмеген. Қайда екенін сұрағанда, Талдықорған қаласына тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген әпкесі ол жоқ кезде терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан жиенінің мәйітін тапқан" делінген сайт мәліметінде.

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізді. Бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір