Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирус жұқтырғандар санының артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

– Жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралар күткен нәтиже берген жоқ, науқастардың саны қайтадан өсіп жатыр, – деді Қожахметов.

Оның айтуынша, егер тұрғындар санитар дәрігердің талаптарын орындамаса, қазақстандықтар қатаң карантинге оралуға мәжбүр болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір