• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:36:56
Алматы
+35°

Бюджетке қатысу жобасы аясында Наурызбай ауданында жүзеге асқан нысандардың бірі

Алматы тұрғындарының қала өміріне, оның дамуы мен көркеюіне тікелей араласуға жол ашқан "Бюджетке қатысу" жобасының екінші кезеңіне өтінім беру басталды. Жобаның екінші кезеңі аясында 28 тамыз бен 5 қазан аралығында қала бойынша 428 жобалық ұсыныс келіп түскен. Соның біршамасы Наурызбай ауданына тиесілі.

Наурызбай ауданында жобаның алғашқы кезеңінде тұрғындар тарапынан 32 ұсыныс түсіп, оның 7-еуі қабылданып, жүзеге асып үлгерді. Атап айтқанда, Әшімов көшесі-13 үй ауласында баскетбол алаңын салу, Нұрмұхамедов көшесіндегі саябақты жөндеу, воркаут және баскетбол алаңын құру, Абай саяжайында, Досмұхамедов көшесінде воркаут алаңдарын салу, Ақтамберді жырау, Кеңесбаев көшелерінде балалар алаңы мен скейт, воркаут алаңдарын қою секілді жобалар ұсынылып, аталған ұсыныстар бүгінде аудан тұрғындарының игілігіне қызмет етіп жатыр.

Мұндай оң бастама мұнымен тоқтап қалмай, келер жылы да жалғасын таппақ.

Осыған байланысты Наурызбай ауданының әкімдігі тұрғындардан "Бюджетке қатысу" бағдарламасына белсенді қатысып, жобаларды budget.open-almaty.kz сайтына ұсынуға шақырады.

Екінші кезең шарттарына сәйкес жобалық ұсыныстар 20 қазанға дейін қабылданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір