• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:49:14
Алматы
+35°

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі болып жатқан қақтығысқа қатысты үндеу жасады

– Қырғызстан ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ешқандай билік немесе лауазым адам өмірінен жоғары бола алмайды. Өздеріңіз білетіндей, адам өміріне қауіп төндірмей, "Ақ үй" ғимаратына басып кіргендерге күш қолдану туралы бұйрық берген жоқпын. Сол күндері наразылық білдірушілерді күшпен басу туралы ұсыныстар да болды. Мен бұдан үзілді-кесілді бас тарттым. Бұл қақтығысқа әкеп соғады. Сондықтан төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қоймадым.

Өңірлерде мені қолдап, митингілерде де сөз сөйлегісі келетін көптеген отандастар болды. Мен олардан бұлай жасамауын өтіндім. Қызметке орналасқысы келгендер діттеген мақсатына жетті.

Енді біз көшеде акцияны жалғастырып жатқандарды тоқтатуымыз керек. Мен ұйымдастырушыларды және саяси көшбасшыларды заңға бағынуға шақырамын! Осындай қиын сәтте азаматтық ұстанымын көрсеткен жастарға зор ризашылығымды білдіремін.

Біз бұл жағдайдан бірге шығатынымызға сенімдімін. Құрметті отандастар, бүгінде ең өзекті міндет – Қырғызстанда бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету! Біз бірлесіп бұл жағдайдан шығамыз деп сенемін! Бәріміз үшін елдің мүддесі маңызды, – деді президент Сооронбай Жээнбеков. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір