• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:53:44
Алматы
+35°

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен адам қағып кеткен жүргізушісі әлі жазасын алмады, деп хабарлады Көкшетау Азия ақпарат агенттігі.

"2019 жылдың 13 қазан күні сағат 21:00 шамасында Теміртау-Нұр-Астана тас жолында 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып кетті. Азамат оқиға орнында көз жұмған. Біраз уақыттан кейін қаза тапқан ер адамның туыстары бұл көліктің шоу-бизнес жұлдызы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін білді" делінген сайттағы мақалада.

Мақала авторының айтуынша, жол апатынан кейін Қабатовтың көлігін айдаған 25 жастағы жүргізушісіге қатысты  қылмыстық іс жабылып, айыпкер жазасын алмаған. Сондай-ақ ол оқиғаға дейін жүргізуші куәлігінсіз жүрген.

"Жалғыз ұлынан айырылған марқұмның анасы Дажан Омарқұлова халықтың сүйікті әртісі не себепті әлі күнге дейін жазаға тартылмағанын түсінбейді. Оның айтуынша, Тұрсынбек Қабатов өз көлігін сеніп тапсырған адамның жүргізуші куәлігінен айырылғанын білген. Сондықтан көліктің иесі ретінде Қабатов та жауапкершілікті өз мойнына алу керек.

Жүргізуші марқұмның адам жүрмеуге тиіс жолмен жүргенін айтады. Алайда анасы бұл ақпараттың өтірік екеніне сенімді" делінген мақалада.

Сондай-ақ марқұмның анасы немересінің әкесіз қалғанына әлі де жүрегі қанжылайтынын, кінәлілердің неліктен жазасыз жүргенін түсінбейтінін жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір