• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:25:31
Алматы
+35°

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтардың Бішкектегі наразылық акциясының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлады СЕЙЧАСKG телеграм каналы.

Қарсылық акциялары ел астанасынан бөлек, Талас және Қаракөл секілді бірнеше қалада болған.

5 қазанда күндіз наразылыққа шыққан азаматтар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап еткен.

Артынша сайлауға қатысқан 16 партияның 11-інің өкілі меморандумға қол қойып, сайлауды қайтадан өткізу туралы талаптарын айтты.

Биліктің "тараңдар" дегеніне қарамастан Бішкектің орталық алаңына жиналған адам саны сәт-сайын артып жатты.

Митингке шыққандар арасында мас күйдегі азаматтардың да болғаны хабарланды. 

Оқиғалар желісінің ары қарайғы хроникасы төмендегідей:

20:22. Митингшілер Ақ үй қақпасына басып кірмек болды. Әскер кедергі келтірген жоқ.

20:25. Ақ үйге тас атқылай бастады. 

Осы сәтте әскер дыбыс зорайтқыш гранат пен газ көмегімен ереуілшілерді Ақ үйдің маңынан шегіндірді. Ұзамай алаңда ұялы байланыс ажырады. Әскер митингшілерді таратуға тырысты.

Ереуілшілер шегініп бара жатып, арнайы жасаққа тас атқылап жатты.

Осы кезде жараланғандар туралы ақпарат шыға бастады. Арасында депутат Жанар Акаев, полиция қызметкері бар.

Митингшілер тәртіпсізке көшіп, жолындағыны қирата бастады. Полиция көлігінің төңкеріліп жатқан суреті таралды.

Осы уақытта елдің келесі қаласы Қаракөлде де наразылық акциялары басталып, азаматтарты Бішкекке аттануға шақырған ұрандар тасталды. 

Артынша ел президенті Сооронбай Жээнбековтың сайлауға қатысқан 16 партия көшбасшыларымен 6 қазанда сағат 09:00-де кездесетіні хабарланды.

Елдің ішкі істер министрлігі партия өкілдеріне митингке шыққандарды тарауға үгіттеуге шақырды.

Бірақ азаматтар тарай қоймады. Керісінше жедел жәрдем бекетінің шығыс қақпаларын бөгеп, тас атқылады. 6 жедел жәрдем көлігін аударып тастады.

Ұзамай 100 ден астам адамның түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскені хабарланды.

Ерелуіл болып жатқан аймақта толықтай ұялы байланыс бұғатталды.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір