• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:56:25
Алматы
+35°

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында өз баласын ұрып-соққан ер адамның әрекетіне пікір білдірді.

– Кез келген құқық бұзған адам заң алдында жауап беруі тиіс. Бұндай әлімжеттік көрсету фактілері аяқсыз қалмайды. Заң бәріне ортақ. Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді.

Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арыз жазбаған. Ол оның заңды әйелі, күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни, біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ, себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз, – деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, 4 қазан күні әлеуметтік желіде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан видеосы жарияланып, резонанс тудырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір