• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:56:29
+35°

Теміртауда полиция қызметкері көлігімен ер адамды қағып кетті, деп хабарлады zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда Теміртау қаласында болған.

"Республика даңғылы бойымен Восточная көшесіне қарай келе жатқан Lada Vesta қызмет автокөлігінің полицей жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 65 жастағы ер адамды қағып кетті. Ауа райы тұманды болатын. Жол апаты салдарынан зардап шеккен адам Теміртау ауруханасында көз жұмды" делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен облыстық полиция департаменті басшылығы, Теміртау прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен полиция сержанты наркологиялық диспансерде тексеруден өтіп, сау екені анықталды.

Жол апаты бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің анықтау басқармасының іс жүргізуінде жатыр.

Полиция тергеудің нақтылығы мен жан-жақтылығына күмән жоқ екенін атап өтті. Іс аталған департаменттің бастығының бақылауында жүргізіліп жатыр.

"Ratel.kz ақпарат агенттігінде жарияланған ақпарат дұрыс емес. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Мемлекеттік органдардың ресми ақпараты негізінде ғана тұжырым жасауға шақырамыз" делінген департамент хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: полиция жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір