• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:23:36
Алматы
+35°

Павлодар облысында жеңіл автокөлік трактор тіркемесімен соқтығысып, бес адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, оқиға қазанның 3 күні сағат 21:10-да Ақтоғай ауданы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63-шақырымында болған.

"ВАЗ-21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторының тіркемесімен соқтығысқан. Трактордың рөлінде 47 жастағы жүргізуші отырған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта Сот медициналық сараптама тағайындап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір