• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қаңтар, 18:18:22
Алматы
-3°

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша 6 қазаннан бастап COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтамасы жоқ шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. 

"Шетел азаматтары Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуі үшін кем дегенде 72 сағат бұрын коронавирусқа ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы болуға тиіс" делінген қаулыда.

6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантин талаптары күшейтіледі.

Сондай-ақ шетелден авиарейстермен келетін барлық азаматтар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы көрсетеді.

Бас санитар дәрігердің қаулысы 6 қазанда күшіне енеді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеген болатын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір