• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:45:41
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері 5 млн теңге көлеміндегі парамен ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, экономикалық тергеулер департаментінің (ЭТД) тергеу басқармасының 3-санаттағы аға тергеушісі мен 4-санаттағы жедел уәкілге қатысты тергеу бастады.

Олар 2020 жылы 1 қазанда азамат "Т"-ны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: пара этд

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір