• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:39:57
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында қазанның 2 күні сағат 17-00 дейін 17411 мың партия мүшесі, яғни облыстағы партиялықтардың тең жартысынан астамы өз таңдауын жасады. Оның ішінде Мұғалжар, Мәртөк, Қарғалы, Алға ауданындағы партияластарымыздың 70 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Бұл дауыс беруде онлайн жүйені қолданудың тиімділігін тағы бір дәлелдей түсті. qamshy.kz

Жалпы бұл саяси науқанға Ақтөбе облысы тыңғылықты дайындалды. 30,7 мыңнан астам партия мүшесіне (99 пайызы) авторизация жүргізілді. Облыстың қала, аудандарында 118  дауыс беру орны белгіленді.  Оның 76-ы онлайн форматта, 42 участок  дәстүрлі қағаз бюллетенімен дауыс беруге арналған. Онлайн дауыс беру орындары 205 ноутбук және интернет желісімен қамтылды. qamshy.kz

-Осыған дейін үміткерлер партияластарымен 5 мыңнан астам кездесу өткізіп, өз бағдарламаларын ұсынған болатын. Оның 642-сі онлайн форматында ұйымдастырылды. 16 жерде өткен 87 жария пікірсайыста түрлі мәселелер көтеріліп, оңтайлы шешу жолдары айтылды. Бұл олардың сайлауалды бағдарламаларымен мұқият танысуға, сөйтіп партиялықтардың дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік бергені сөзсіз, - деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов. 

qamshy.kz

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір