• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:26:47
Алматы
+35°

Қазақстанда аудандық және облыстық деңгейде жыл басынан бері  алты әкім жұмыстан кеткен. Мұндай статистиканы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Хабарламада айтылғандай, отставкаға кету туралы өтінішті аудандық және облыстық деңгейдегі тоғыз әкім берген, оның алтауы жұмыстан шығарылған.

"28 қыркүйекте,  Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті, ол осы қызметті 2011 жылдан бері атқарып келе жатқан. Жақында, Бақытжан Ғаязовтың қоластындағы Қашар кентінің әкімі Арман Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енді.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевтың отставкаға кетуі туралы өтініш қаралуда. Оның орынбасары Өркен Тәжібаев сотталды", - деп хабарлады брифингте.

Ведомствода Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиевтің орнынан кетуі туралы ұсыныстары мақұлданбағанын айтты. Облыс әкімдерінің өкімдерімен оларға сөгіс жарияланған.

"Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға өтініш бермеуіне болатын еді, себебі оның қоластындағы қызметкер 2019 жылғы 10 желтоқсанда, яғни үкім шыққанға дейін қылмыс жасаған болатын " деп атап өтті брифингте.

Сонымен қатар, бес іс бақылауда екендігі хабарланды. Ведомствода әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі туралы айтылды. Атап айтқанда, 32 бірінші төраға жауапкершілікке тартылды, олардың бесеуі қызметтен кетті, 8-і босатылды, 3-еуіне қызметке толық лайық еместігі туралы ескертілді, 9-ы қатаң сөгіс, 5-і сөгіс, 2-і ескерту алды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әкім алты әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір