• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:15:56
+35°

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер күні қарсаңында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Министр мерекелік жиын барысында республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздарын марапаттады. "Үздік педагог" атанған 64 мұғалімге төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды. 

– Ең басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінгі күні елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен шаралар іске асырылуда. Қазіргі кезде ел президенті білім саласын ерекше назарға алып, өз жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Жалпы бір-екі жылдың ішінде әріптестеріміздің айлығын екі есеге өсіру туралы тапсырма бар. Сол тапсырманы біз орындап жатырмыз, – деді министр.

Оның айтуынша, ұстаздар үшін тиісті жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін кешенді жұмыс қабылданып, кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

– Педагогтардың статусы туралы арнайы заң қабылданды. Сол заңның шеңберінде 70-тен астам әртүрлі қаулылар қабылданып, іске асырылып жатыр. Қағазбастылық сынды үлкен мәселелер болды. Бұдан басқа мұғалім мамандығына келетін жақсы түлектердің аздығы, сондай-ақ ұстаздардың өзіне тән емес қызметке тартылу проблемасы болды. Аталған мәселелерді шешу үшін президенттің тапсырмасымен кешенді жұмыстар іске асырылды, – деді Аймағамбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір