• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:50:53
Алматы
+35°

Күдікті уақытша тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деп айыпталған 25 жастағы азамат уақытша тергеу абақтысында суицид жасамақ болды. 1 қазан күні осы қанды оқиғаға қатысты сот процесі басталуы керек болатын. Бірақ Вадим Достов абақтыдан сотқа емес, ауруханаға жеткізілді.

Көкшетау қаласындағы тергеу абақтысы санитарлық бөлімінің мейірбикесі Айман Әбілмәжінованың айтуынша, айыпты сотқа дейін пышақпен өзінің тамағын орып жіберген. Тоқтаусыз қан кетіп, жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген көрінеді. 

Достов айыпталып отырған елді дүрліктірген оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. 10 баланың әке-шешесі 84 жастағы Әкімбек пен 78 жастағы Құралай Бейсенбаевтар 30 сәуір күні таңертең өлі күйінде пәтерлерінде табылған. Екі қарт тұншықтырылып, пышақ жарақатынан көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қылмыс Көкшетау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір