• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:03:50
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан қанша медицина қызметкерінің қайтыс болғанын айтып, медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу жағы туралы мәлімдеме жасады.

– Өкінішке қарай, пандемия басталғалы Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылды. Өңірлік комиссиялар бүгінде қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан 58 өтініш бойынша өтемақы алуын мақұлдады. Қазіргі уақытта 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасуда, – деді ол.

Оның айтуынша, 2020 жылғы 30 қыркүйекте COVID-19 және пневмониямен ауыратын 12 830 медицина қызметкері тіркелген.

– Коронавирус және пневмониямен ауыратын 12 830 медицина қызметкері  ішінде: 8 339 жағдайы кәсіби қызметпен байланысты тіркелді. Өңірлік комиссиялар 8 320 істі қарады және мұндай жағдайлардың 67%-ын растады.  Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің 88%-ы немесе аймақтық комиссия деңгейінде расталған жағдайлардың 3 454-і COVID-19 бойынша өтемақы алды, – деп атап айтты Алексей Цой.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір