01 Қазан, 2020 NEWS

Қазақстанда екі бала Кавасаки синдромынан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан екі бала қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik порталы.

Сайт мәліметінше, елде Кавасаки синдромымен 41 бала ауырған. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрайымы Риза Боранбаеваның айтуынша, елде үш мыңға жуық бала коронавируспен ауырғанын ескергенде, Кавасаки синдромына шалдыққандардың пайызы салыстырмалы түрде төмен. Алайда дәрігерлер екі және үш жасар екі баланы аман алып қала алмаған.

– Бүгінде бізде Кавасаки синдромы бар 41 бала тіркелген. Оның ішінде 37 бала аман-есен жазылып шықты, ал екі бала қайтыс болды. Олардың созылмалы аурулары болып, басқа ағзаларына зақым келгендіктен, құтқару мүмкін болмады, – дейді ол.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір