• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:43:24
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:

  • Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
  • Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
  • Түркияға рейстер санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:

  • термометрмен өлшеу;
  • анкета толтыру;
  • коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).

Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой.

Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір