• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:36:09
Алматы
+35°

Биыл зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, елде 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әр азаматтың лайықты қарттық шағын қамтамасыз етуге қамқорлық жасау – үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту бойынша жүйелі түрде шаралар қабылдап келеді.

Мысалы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индекстеу нәтижесінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсіп, базалық зейнетақының ұлғаюы 5 пайызды құраған.     

Биылғы 1 сәуірден бастап тағайындалған зейнетақы мөлшері қосымша тағы 5 пайыз индекстелді. Бұл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда базалық зейнетақының 10 пайызға, ынтымақты зейнетақының 12 пайызға өсуін қамтамасыз етті.           

Осындай өсім нәтижесінде жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты+базалық) 58 мың теңгеден асады, ал жоғарғы шегі 128,5 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, азаматтар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өздері жинақтаған қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін алады.           

 - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне бірреттік материалдық көмекке - 7,6 млрд теңге (123,6 мың адам);            

 - азық-түлік себетін беруге - 1 млрд 481,1 млн теңге (233,4 мың адам);           

 - жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 174,2 млн теңге (40,8 мың адам);           

 - тісті протездеуге - 142,7 млн теңге (3 мың адам);           

 - шипажайлық емделуге - 1 млрд 362,3 млн теңге (19,5 мың адам);           

 - тұрғын үйді жөндеуге - 46,4 млн теңге (376 адам);           

 - отынмен қамтамасыз етуге - 136,1 млн теңге (3,7 мың адам);           

 - қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге - 740,7 млн теңге (133,9 мың адам);           

 - көмектің басқа түрлеріне - 3 498,8 млн теңге (134,0 мың адам).           

1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне орай айлық басталады. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді. Олардың ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдарда "Ашық есік күндері" және "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оның аясында ауыр науқас қарт адамдарға азық-түлік себеттері табысталады. Сонымен бірге еңбек ұжымдарында кездесулер және тағы басқа шаралар қолға алынады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір