• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:53:42
Алматы
+35°

Қазақ радиосының мерейтойына орай белгілі ардагер дикторлар бір күн бойы әуе толқыны арқылы хабар таратып, тыңдарманға сый жасамақ. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

"1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл болады. Айтулы күнге орай Қазақ радиосындағы әріптестеріміз тыңдарманына ерекше сый дайындап отыр.

Осы күнгі бағдарламаларды үндері көпшілік құлағында қалған радио ардагерлер – Ұлжан Пармашқызы, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, Бүркіт Бекмағамбетов, Құсман Игісінов, Күләш Молдахметова, Әбдірәлі Бөлебай, Нұржан Жалауқызы жүргізеді" делінген министрдің facebook-тағы жазбасында.

Аида Балаева Қазақ радиосын иыңдап өскенін атап өтті.

"Келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтетін, тәулік бойы бойы хабар тарататын еліміздің бірінші радиосын тыңдап өстім, тыңдап келемін. Оның үстіне, Сауық апамыздың ертегілерін, Аманжан ағаның қоңыр үнін естіп есейген ұрпақтың бірі ретінде бұл тартуды ерекше қабылдадым. Қазақ радиосы үнемі қосулы болсын!" деп жазды ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір