• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:16:34
Алматы
+35°

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органы карантин режимін күшейтуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға әзір екенін хабарлады, деп жазады Today.kz.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін 11 мың 800-ден астам адам маска режимін бұзған.

Дәрілік заттарды заңсыз жасау бойынша 933 деректің жолы кесілді. 98 мың қаптама препарат, жарты миллион шамасындағы маска, 41,8 мың медициналық бұйым заңсыз айналымнан шығарылған,.

Тұрғымбаев сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстарында блокпост қойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сөзінше, Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз елдімекеніндегі блокбекет наурыз айынан бері тұр. Ал Ақтөбе облысындағы Ресеймен шекаралас аудандарға санитар-карантиндік бекеттер ақпан айында қойылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір