• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қаңтар, 20:24:34
Алматы
-4°

CBS News басылымы АҚШ президенттігіне үміткерлер алғашқы дебатта әр тақырыпқа қанша уақыт жұмсағанын және әрқайсысы жалпы қанша уақыт сөйлегенін жинақтады.

Коронавирус тақырыбы дебаттағы ең үлкен сегмент болды. Пандемияның экономикалық әсеріне, вакциналарға, маскаларға және Трамптың дағдарысты жалпы еңсеру әдістеріне шамамен 20 минут жұмсалды.

Одан әрі 17 минут нәсілдік проблемалар мен зорлық-зомбылыққа арналды. Сайлаудың тұтастығы 11 минут шамасында және климаттың өзгеру тақырыбы 10 минуттай болды.

Трамп Байденнен аз сөйлеген. Бұрынғы вице-президент 43 минут, Трамп 38 минут сөйлеген.

Трамп 73 рет сөзге киліккен. ("2016 жылы Трамп сол кездегі қарсыласы Хиллари Клинтонды бір дебатта 37 рет сөзін бөліп, қобалжытып тастады. Трамп ол кезде солай еді, қазір де солай" деп жазады BBC.)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір