• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:08:47
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімдігі қала күнін мерекелеу аясында пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет белгісі ретінде «Алматы ынтымақтастығы» көрмесін ұйымдастырды. Алматылықтар метро станциялары мен LED-экрандардағы билбордтардан ақ халатты батырларды көре алады.

Фотосессияға №29 Қалалық емханасының, Алматы қалалық Жедел Медициналық жәрдем қызметінің, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының, ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК, №17 Қалалық емханасының, И.С. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және Қалалық Балалар Жұқпалы Аурулар ауруханасының 100-ден астам медицина қызметкерлері қатысты.

«Өзімнен және өз әріптестерімнен фотосессияға шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Наурыз айынан бері көрмеген көптеген әріптестерімізді көрдік. Тәжірибе алмасып, бір туғандай әңгімелесе алдық. Көңіл-күйді көтеріп, есіктердің арғы жағында не болып жатқанын ұмытатын осындай іс-шаралар көбірек болса екен», — деп бөлісті «МҚКК» ШЖҚ МКК бас медбикесі  Гүлмира Абдуллаева.

Көрмеде қиын уақытта азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана ұсынылған.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында дәрігердің еңбегін бағалауға шақырды. Ол сондай-ақ үлкен жұмыс жасаған кіші медицина қызметкерлерінің еңбек майданын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы көрме

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір