• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:33
Алматы
+35°

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов елде халық пен билік арасына екі жаққа да дұрыс түсініктеме беретін дәнекер қажет деген пікірде. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлымен әлеуметтік желіде өткен тікелей эфир барысында айтты. 

Ол өз сөзінде елде тағы да карантин қайталанатын болса, билік халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет екенін атап өтті.

– Қазақстанда өткен жолғы карантин қайтадан қайталанатын болса, халық пен билік арасында екі жаққа да дұрыс түсініктеме беретін дәнекер қажет. Бізде қазір ешкім түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. Ештеңе түсінбеген халық алаңға шығады. Ал, алаңға шыққан халықты полиция ұстап әкетіп жатыр. Одан не шығады? Диалог шығады ма?! Сондықтан қазіргі таңда елдің тыныштығын, шекараның бүтіндігін ойлаған жігіттер барынша жан-жақтан дабыл қағып үкіметпен диалог құрып, парламентке бару керек. Митингте диалог болмайды, – деді Заитов.

Оның айтуынша, елде парламент ресми түрде ғана бар. Ол көзі көргелі әділетті сайлаудың болмағаннын атап өтті.

Сондай-ақ ақын партиясының бағдарламасы дайын екенін де айтты.

– Маған 20 мың адам жинау қиын емес. Партияның бағдарламасы дайын тұр. Бірақ қазір партияны тіркейтін сайлау комиссиясы жоқ. Мен әрекет жасағаныммен оны тіркемейтінін білемін. Сол үшін адамдарды әуреге салғым келмейді. Егер мүмкіндік берсе, маған дайын партияның артынан барған дұрыс шығар сайлауға. Сонда артымнан ерген адамдарды далада қалдырмаймын. Былтыр бақылаушыларды қамаған кезде адамдарды алып шыға алмай қалдық, – дейді айтыскер.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір