28 Қыркүйек, 2020 NEWS

Айтыскер ақын Ринат Заитов видеоүндеу жасады

Фото: Видеодан скрин

Айтыскер ақын Ринат Заитов өзінің лоторея ойнатпағанын айтып, instagram парақшасы арқылы видеоүндеу жолдады. 

Соңғы жазбасынан кейін әлеуметтік желіге араға төрт ай уақыт салып шыққан ақын көмекшілеріне хабарласып лоторея туралы сұрағандарға видео арқылы жауап берді.

– Ассалаумағалейкүм ағайындар! Келеңсіз жағдай болды. Біздің парақшаға, көмекші балаларға көптеген адамдар хабарласып, қайдағы жоқ бір лоторея туралы айтып жатыр. Сіздерге мен тағы да айтамын. Осыған дейін де бірнеше рет айтқанмын. Мен ешқашан, ешкіммен лоторея ойнатпағанмын. Біреудің ойнатқан лотореясына да қатысым жоқ. Егер менің суретімді қойып сіздерге жазатын болса немесе хабарласса, "сіз ұтыс ұттыңыз" десе, сол адаммен алдап-сулап кездесіп, милицияға апарып соттатыңыздар. Басқа не айтамын енді. Ешқашан лоторея ойнатқан жоқпын, ойнатпаймын, – деді ақын видеода. 

Оқи отырыңыз: Ринат Заитов: Митингте диалог болмайды (видео)

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір