26 Қыркүйек, 2020 Алматы облысы

Газ қазандығын сыйлады

Фото: Облыстың баспасөз қызметі

"Қайырымдылық жаса – қайырын өзің көресің!" Алматы облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесушілер қатары күн санап артып келеді. Солардың бірі - «Лидер НСК» ЖШС директоры Нұрболат Кәрімов.

Кәсіпкер бұл жолы Талғар қаласындағы тағы бір отбасын қуантты. Бақытгүл Мәсілбаеваның отбасына көгілдір отынға тұтынатын қондырғыны сатып алып берді.         Бақытгүл Мәсілбаева – үш бала тәрбиелеп отырған ана. Біреуі – мүгедек. Бүгінге дейін үйін газға қосу үшін жалғыз басты ана күн-түн деп бір өзі қаржы жинап келді. Енді, міне, қайырымды жандардың арқасында көмір тасу от жағу машақанына құтылып отыр.

– Менің қуанышымда шек жоқ, енді үйімізде газ болады. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, маған бәрін бір өзім жасау қиын болғаны рас. Әсіресе, қыс кезінде. Кейде отын, көмір таусылып қалғанда қатты қиналатынмын. Газ тіпті жақсы болды. Көмірге тонналап алғанда қаржы көп кететін. Енді газда ақша да үнемделеді. Отбасыма осындай қуаныш сыйлап отырған кәсіпкерлерге жергілікті азаматтарға айтар алысым шексіз, - деді Бақытгүл Мәсілбаева.

Жалғыз басты анаға қазандықты орнатуға және барлық қажетті құжаттарды жасауға Талғар қаласы әкімдігінің қызметкерлері көмектесетін болады. Айта кетсек, Нұрболат Кәрімовтың игілікті ісі бұл ғана емес. Мүмкіндігінше, әр кез көмек көрсетуге дайынмын дейді кәсіпкер. Осы отбасы туралы білгенде мен оларға көмектесуге шешім қабылдадым. Қыс көзі қырауда көмір тасып, пештің отын қыздырып отыру, әрине, қиын, оңай жұмыс емес. Әрі қауіпті. Қазір мүмкіндік көп қой. Газ қосып алса, ең ыңғайлысы осы, – дейді Нұрболат Каримов.

Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір