24 Қыркүйек, 2020 NEWS

Қостанай тұрғынының тағы бір даулы видеосы шықты

Фото: видеодан скриншот

Жуырда украиналық youtube-арнаға берген сұхбатта қазақ халқын қорлайтын, ұлтараздықты тудыратын сөздер айтқан видеосы шыққан Қостанай облысының тұрғыны Кирилл Божконың тағы бір видеосы тарап жатыр. Қостанайлық азамат бұл жолы "Қазақстан халқының 99,9 пайызы Қазақстанға Ресей әскерінің кіргенін қалайды" деп айтқан.
 
Бас-аяғы жоқ бір жарым минуттық видеодан Кирилл Божконың әлдекімге сұхбат беріп отырғанын көруге болады.
 
"Мен, мен ғана емес, Қазақстан халқының 99,9 пайызы, оның ішінде қазақтар да бар Ресей әскерін құшақ жая қарсы алуға әзір. Бірақ олар келмейді. Біз Ресейге керек емеспіз" деген ол өзінің империяшыл адам екенін, Кеңес одағы секілді империяның құрылуын жақтайтынын айтады. Видео Божконың "бұл – орыстардың күшін біріктіреді" деген жерінен аяқталады.
 
Бұған дейін Кирилл Божко қазақ халқы мен тілін қорлайтын сөздерді мас күйде айтқанын жеткізіп, кешірім сұраған.
 
Әлеуметтік желіде кейбір заңгерлер қостанайлық азаматтың сөзінде қылмыстық құрам бар екенін атап өтіп, ол кешірім сұрап құтылып кетпей, қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша жауапқа тартылуға тиіс" деп жазған.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір