• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:09:54
Алматы
+35°

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Прокурор аса ауыр емес жаза мен аса ауыр жазаны біріктіру арқылы 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті" деді соттағылар.

Bank RBK басқармасының экс-басшысы Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге қатысты мемлекеттік айыптау 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.    

Марпу Жақыбаева 2011 және 2015 жылдар аралығында Bank RBK басшылығынан бонус ретінде алған 100,2 миллион теңгесін зардап шеккен тарапқа қайтарған көрінеді. Игорь Мажинов те 37,2 миллион теңгенің орнын толтырды. Ал Бақыт Ибрагим кінәсін мойындап, қылмыстық істі тергеуге көмектесті де,17,3 миллиард теңгенің шығынын өтеді.

Бұл іс бойынша 37 адамға қатысты сот процесі жүрді. Прокурор солардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Жауапқа тартылған бір адам қайтыс болған.

Bank RBK-інен 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жомарт Ертаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір