23 Қыркүйек, 2020 Экономика

Н.Нығматулин: жаңа нормалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағыталған

Фото: Ж.Құспанов

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда  депутаттардың бастамасымен әзірленген «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және оған ілеспе заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құжат отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында дайындалған.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар  тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы іс-қимыл шараларының тұтас жүйесін құруға бағытталған нормаларды енгізіп, жауапты органдардың құзыреттерін нақтылады.

Осы заң жобасына орай өз пікірін білдірген Мәжіліс Төрағасы:  

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде елімізде тұрмыстық даулар көрсеткіші өсіп отыр. Шын мәнінде, кез-келген дамыған елде, әрине, оған жол беруге болмайды. Сондықтан, тікелей, Президенттің тапсырмасына сәйкес, біздің депутаттар бастамашы болып, осы Заң жобасын әзірледі. Осы құжаттағы жаңа нормалар бүкіл ел болып, халық болып, қоғам болып отбасындағы жанжалға қарсы күресуге мүмкіндік береді. Бұл халқымыздың денсаулығы, өмірі және балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды мәселе, өте маңызды заң, - деді.

Айта кету керек, заң жобасы арқылы құқық бұзушылардың зорлық-зомбылық және агрессиялық мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық жағынан түзету бағдарламасынан өту арқылы құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру жөнінде шаралар енгізу көзделеді. Сондай-ақ, құқық бұзушыларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару кезінде полицияның оларды бақылау жөніндегі құзыретін күшейте отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылау ұсынылады.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің құқықтары мен қауіпсіздік кепілдіктерін бекіту және осы саладағы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау мәселелерін реттеуді қарастырады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір