• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:10:22
Алматы
+35°

Фото: Мемлекеттік қуыршақ театрының баспасөз қызметі

Жаңашылдыққа құмар тәрбие мекені – Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры заман талабына сай түрлі байланыс құралдарын шығармашылық жаңалықтармен ұтымды үйлестіре отырып көрермендермен жоспарлы да жүйелі, сапалы да пайдалы тығыз қарым-қатынас жасауды негізгі жұмыс барысына айналдырып отыр.

Театр ұжымы қойылым сахналауда өзінің бағыт-бағдарын түрлі жанрлар мен сан алуан тақырыптарға ойыстырып, көрерменнің жас ерекшелігі мен қызығушылығына қарай жаңашыл туындыларды сахнаға шығаруда. Осы орайда, жуырда қуыршақ театрының сахнасында аса көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай "Өмір – Өзен" музыкалық театрландырылған қойылымы биылғы 30 қыркүйекте көрермендерге тұңғыш рет жол тартпақшы.

Ғажайып сазы, көркем табиғаты, лирикалық әлемі, наздылық сипатымен миллиондаған тыңдарманның жүрегінен ардақты орын алған көрнекті композитор, қазақ эстрадасының негізін салушы – Шәмші Қалдаяқов әндерін спектакль режиссері Еркебұлан Қабдыл бүгінгі күн көрермендеріне лайықтап, талант табиғатын айқындайтын өзгеше қырларын нәзік элементтермен толықтыра, жаңаша бағытта көрсетуді басты назарға алған. Сазгер әндері арқылы режиссер көрермендерге ізгі қасиеттер махаббат, сүйіспеншілік, отаншылдық, рухшылдық сынды рухани қажеттіліктерді сіңіріп, ұлттық нақышпен нәрленген қазыналы азық сыйлауды мақсат еткен.

Ән әлеміндегі әйгілі талант, қазақ эстрада әнінің қайнар бұлағы іспеттес болған ұмытылмас туындылардың авторы Шәмші Қалдаяқовтың өшпес мұрасы, сағыныш сазы, әсем әлемін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры "Өмір – өзен" музыкалық қойылымында ұсынбақшы. Театрдың YouTube каналында алғаш рет онлайн көрсетілімі өтетін болмысы бөлек премьерадан қапы қалмаңыз, қадірлі көрермен! 

Мадина ТӨЛЕ

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір