• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:37:59
Алматы
+35°

Нью-Йорк қаласы полиция департаментінің қызметкеріне Қытай үшін тыңшылық жасады деген айып тағылды.

Тибетте туған Баймадажие Ангванг Қытай азаматтарының Нью-Йорк аймағындағы қызметі туралы ақпараттарды жеткізді және Тибет қауымдастығының ықтимал барлау көздері туралы Қытайға есеп беріп отырды деп айыпталуда.

Полиция департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінде жұмыс істеген АҚШ азаматы дүйсенбі күні қамауға алынды.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 55 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурорлардың айтуынша, Ангванг азаматтық істер жөніндегі маман ретінде АҚШ армиясының резервінде де жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір