• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:15:17
Алматы
+35°

Маңғыстауда 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз Алматы қаласынан табылды. Бұл туралы kazlenta.kz хабарлады.

Сайт мәліметінше, 2011 жылы Маңғыстаудың он алты жастағы тұрғыны емтихандарын тапсыра алмаған соң, қорыққанынан үйіне оралмаған. Ал ата-анасы біраз уақыттан соң оны өлді деп санаған. 

Жоғалған қызды іздестіруді полицейлер тоқтатпаған. Арада тоғыз жыл өткен соң қыз Алматы қаласынан табылған. 

– Жоғалған адамдар 12-15 жылдан кейін де табылып жатады. Көп уақыт өткен соң ата-анасы өлді деп ойлаған бұл қызды да тауып алды. Жоғалатын күні қыз мектепке емтихан тапсыруға кеткен. Содан бері байланысқа шықпады.

Аталған жағдай бойынша, аудандық полиция бөлімі іздестіру шараларын жүргізген. Алайда құқық қорғау органдары қызметкерлері мен туыстарының іздеуі еш нәтиже әкелмеген. Шарасыз ата-ана оны өлдіге санаған. Істің мән-жайын тексеру барысында қыздың мектеп емтихандарын тапсыра алмай, үйіне оралуға ұялғаны, сол себепті кетуге шешім қабылдағаны анықталды. Қазір қыз ата-анасына оралды, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір