• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:25:02
Алматы
+35°
Алматы облысы Текелі қаласының әкімі қызметіне Батыр Молдахметов тағайындалды.

Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Инженер-педагог" мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін "Заңтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.

Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған.

Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен. ​

2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Текелі қаласының әкімі қызметін Бақтияр Өнербаев атқарған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өз еркімен отставкаға кеткенін мәлімдеген болатын.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір