• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:07:56
Алматы
+35°

Бейжің Тайваньмен арадағы орта сызықты кесіп өтіп 20-ға жуық жойғыш ұшақ жіберді. Қытайлық ұшқыштар мен Тайвань әскери ұшақтары бір біріне сес көрсеткен.

Тайванда шығатын China Times газетінің хабарлауынша, Тайвань шенеуніктері ұшақтардан "дереу кетуді" талап еткен. Алайда қытайлық ұшқыштар "бұғаздың орта сызығы жоқ" деп жауап қайтарған.

Американың бұрынғы қорғаныс жөніндегі кеңесші Малколм Дэвис Тайвань бұғазының ортасынан өтетін шекара-медианалық сызықты қытайлық тараптың жоққа шығаруға байланысты мүмкін себептерін түсіндірді.

"Картаны Тайвань бұғазындағы медианалық сызық бойынша қайта сызу – бұл Тайбэйға қысымды күшейтіп қана қоймай, күш қолдануды ақтайтын өте айқын қадам" деп жазады Bloomberg.

Өткен аптада Бейжің бөліп тұрған "орта сызық" шекарасы арқылы 20-ға жуық әскери ұшақ жібергенге соң, Тайвань мен Қытай арасындағы шиеленіс күшейе түсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір