• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:19:44
Алматы
+35°

Фото: Құрылыс нысандарында түсірілген

Алматы облысына арнайы іссапармен ҚР Примьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келді. Ол Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық» жолы және Талдықорғандағы салынып жатқан маңызды әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Кездесуде облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ болды.

Жетісу жеріне арнайы ат басын бұрған үкімет басшысының орынбасары әуелі «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық» жолындағы құрылыс жұмыстарының жай жапсарымен танысты. «Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 1817 адам мен 825 техника жұмылдырылған. Қарқынды жұмыстың арқасында 14 су өткізу құбырлары мен 23 көпірдегі жұмыстардың 50 пайызы аяқталған. Ал «Үшарал-Достық» жолының құрылысына 265 адам, 144 техника жұмылдырылған.  Жолдың 0-60 шақырымын «Қыран» ЖШС салып жатыр. Нысанда 265 адам жұмыс істейді. 144 техника тартылған. Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін жолдың 30 шақырымын қолданысқа беру жоспарланып отыр. Көлік қатынасын үзбеу мақсатында 21 шақырымдық уақытша айналма жол салынды. Тас жолдың 60-120 шақырымы аралығындағы құрылысын «АБК-Автодор НС» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 115 техника және 239 адам жұмылдырылған. Жолдың 120-180 шақырымында ағымдағы жылдың 1-тамызында айналма жол салу жұмыстары басталды.

Бұл мәселе бойынша Роман Скляр бірінші кезекте  – сапа, одан кейін уақыт екенін алға тартып, жұмыла жұмыс істеу керектігін айтты. Келесі кезекте ол тотыдайын түрленген Талдықорғандағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан маңызды әлеуметтік нысандарды аралады. Әуелі облыс орталығындағы модульді инфекциялық ауруханаға бас сұқты. 8 бөліктен тұратын 200 адамға арналған аурухананың 74 пайыз құрылыс жұмысы аяқталған. Мамандардың айтуынша бұл нысан қазан айында ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, медицина жабдықтар да кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр. Жұмысқа науқастарға қызмет көрсететін мықты мамандар да алынуда.

Осыдан кейін Амандық Ғаббасұлы үкімет басшысының орынбасарына облыс орталығында салынып жатқан елімізде теңдесі жоқ олимпиадалық жабық жүзу бассейнін көрсетті. Әлемдік додалар өткізілетін, 27 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты спорт нысанында жұмыс қыза түскен. Жұмысшылар да өздеріне берілген міндетті мінсіз атқаруға тырысуда. 475 адам тартылған құрылыс жұмысы қазан, қараша айларында толықтай аяқтау жоспарланып отыр. Шара барысында облыс әкімі: «Жабық жүзу бассейнінде су спортының барлық түрі болады. Бұйырса өңірімзде әлем біріншілігін өткіземіз. Сондықтан бассейн әлемдік стандартқа сай салынып жатыр. Қаланың көркі болып тұратын нысанның іші ғана емес, сырты да жайнап, жайқалтамыз, – деген аймақ басшысы мамандарға ғимараттың айналасын абаттандыру мен көгалдандыруға дейін көңіл бөлу керектігін айтты.

 Содан соң үкімет басшысының орынбасары коттеджді қалашықта салынып жатқан үйлерге барды. Шарада қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бүгінде 71 тұрғын үй пайдалануға беруге дайын тұрғандығын айтты. Сондай-ақ, 349 үй жыл соңына дейін салынып бітетіндігін жеткізді.

Іссапар соңында Роман Скляр айрықша сұлулығымен көз тартатын «Қаратал» шағынауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне қарасты Студенттер үйіне барды. Он үш қабатты, 288 орынды жатақхананы аралап, жастардың уақытын тиімді өткізуге арналған түрлі танымдық-спорттық бөлмелерді көрді. Заманауи ғимараттарды аралаған үкімет басшысының орынбасары жиын соңында еліміздің болашағы жастарға осындай жатақхана салған аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вице премьер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір