• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:56:08
Алматы
+35°

Фото: Қайырымдылық кезінде түсірілген

 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше тұрмысы төмен жандарға қол ұшын бергенге не жетсін! Иә, қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті жоқ. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Талдықорған қаласында да елім деген атымтай жомарттар жетерлік.

Оған дәлел Талдықорған қалалық полиция басқармасының игі ісі. Олар тұрмысында қиыншылығы бар 80 отбасыға азық-түлік таратты. Айта кетейік, әлеуметтік көмек демеушілердің қолдауымен іске асып отыр. Игі шараға тәртіп сақшылары мен бірге қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары да ұйытқы болды. Олар полиция басқармасында есепте тұрған азаматтардың үйін аралап, тосыннан тарту жасады. Азық-түлік салынған пакетте оқушыларға қалам мен дәптер де қарастырылған.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жомарт жандар нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Олардың ісі көпке үлгі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір