• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:30:19
Алматы
+35°

Сoronavirus2020.kz сайты Қазақстанда өткен тәулікте 63 адамнан коронавирус, 272 адамнан пневмония анықталғанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 107 262 адам індетке шалдыққан. Оның ішінде 101 877 науқас аурудан айықса, 1 671 адам қайтыс болған.

Бүгінде елде коронавирус инфекциясынан 3 684 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 39 сәби бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр, 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 102 адамның жағдайы нашар, соның ішінде 13 науқастың жағдайы ауыр. 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы тіркелді, 100 адам аурудан жазылып шықты.

Биылғы тамыздың 1-нен бері пневмониямен ауырғандар саны 31 086 адамды құрады, 343 адам қайтыс болды. Ал жазылып шыққандардың саны 26669 адамға жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір