• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:26:16
Алматы
+35°

Фото: Ноутбук табыстау сәтінде түсірілген

 

Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау мақсатында Алматы облысының оқушыларын барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер жақында балаларға республикалық бюджеттен дербес компьютерлер таратылса, бүгін "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілігінің арқасында Талдықорған қаласына 500 ноутбук жеткізілді. Олардың 200-і Талдықорған оқушыларына арналған, ал қалғандары жақын арада аудандарға бөлінеді.

Ноутбук табыстау сәтінен

– Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына беріледі. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек, – дейді қор директоры Қасым Қасабеков.

"Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына берілетін болады. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек", - дейді қор директоры Қасым Қасабеков. Бұған дейін "Салиқалы ұрпақ" қоры Алматы қаласының оқушыларына 500 ноутбук сыйлап, коронавируспен күресуге және Мақтаарал ауылын қалпына келтіруге қаражат бөлген болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ноутбук

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір